Төменнен жаһандану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төменнен жаһандану -[швед. Globalisering Underifran] - парламентте орын алмаған солшылдардан, радикалды топтар мен жеке адамдардан құралған швед ұйымы. "Халықтың ғаламдық әрекеті" (Peoples Global Action) бүкіләлемдік желісінің бір бөлігі. Ұйым жаһандануға қарсы емес, бірақ, "жоғарыдан жаһандануға" қарама-қарсы, барлық мемлекеттерге еркіндік пен демократияны ұсынатын бүкіләлемдік жаһандануды қолдайды. Келесідей себептермен ол Еуропа одағына қарсы шығады: 1) Еуропа одағы шынайы демократияға сықақ ретінде қарастырылады; 2) Еуропа одағы одақтың ішінде де, ғаламдық деңгейде де байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтықты үдете түсуге үлкен үлесін қосқан саяси жоба ретінде көрінеді; 3) ұйымның пікірінше, Еуропа одағының сыртқы саясаты барған сайын әскери ұйымдардың әдісін азаматтық қарым-қатынас ісінде орнатуда. "Төменнен жаһандану" капитализмді, империализмді және феодализмді жоққа шығарады, балама жаһандануға талпынады. Оның философиясы орталықсыздандыру мен автономияға негізделген. Басқа құралдармен бірге азаматтық бағынбаушылық пен тікелей әрекет етуді қолданады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Төменнен жаһандану|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}