Төменгі жайық шебі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Төменгі жайық шебіОрынбор шебінің бір бөлігі. Ол Оралдан Гурьев (қазіргі Атырау) қалашығына дейінгі Сахарная, Калмыковская, Горская, Кулагинская, Зеленовская, Бакаевская, Сарайчиковская бекіністерінен тұрды. Осы бекіністер арқылы патша өкіметі қазақтардың Жайықтың оң жағалауына өтуін қатаң бақылауға алып, өзінің отарлық саясатын жүргізуді үдете түсті. Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде және Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы барысында Төменгі жайық шебі бойындағы бекіністерге қазақтар тарапынан шабуыл жасау күшейді. 1801 ж. Төменгі жайық шебінің батысында Бөкей ордасы құрылды.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Wikify