Төменгі Тунгуска
Төменгі Тунгуска – Ресейдің Иркутск облысы мен Эвенк автономиялы округіндегі өзен, Енисейдің оң саласы. Ұзындығы 2989 км, су жиналатын алабы 473 мың км2. Ангара бұйратынан басталып, Орта Сібір таулы үстіртіндегі тау аңғарлары арқылы ағады. Жоғарғы ағысыЖоғарғы ағысында (Илимпея өзенінің сағасына дейін) кең жазықпен ағады; арнасында қайраңдар көп. Төменгі ағысыТөменгі ағысында көлдер түріндегі, кеңейген (20 – 25 км-ге дейін) жерлері бар. Траптарды кесіп өтерде шоңғалды шатқалмен су құламаларын жасап ағады. СалаларыНегізгі салалары: Кочечум, Непа, Таймура. Қар суымен толығады. Төменгі ағысындағы орташа су ағымы 3420 м3/с. Қазан айында қатып, мамырда мұзы ериді. Суы мамыр – шілдеде тасиды. Су таситын уақытта Тура кентінен кеме жүзеді. Сағасында Туруханск кемежайы орналасқан.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref> |
|
Сілтеме
<references />