Төлеуғазы Төлеужанұлы Тұрсынқанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Төлеуғазы Төлеужанұлы Тұрсынқанов 1950 жылы 27 мамырда Семей қаласында туған. Қазақ. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген (1979), бокстан жаттықтырушы. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

  • 1974 жылдан - Семей қаласы №5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан жаттықтырушы.
  • 1996 жылдан - Семей қаласы олимпиадалық резервтегі балалар спорт мектебінде бокстан жаттықтырушы.
  • КСРО Халықтары спартакиадасының жүлдегері (Ташкент, 1975).

Халықаралық санаттағы спорт шеберлері - А. Кривошеинді, Д. Жұмағүловты, Б. Манкеновты, А. Манкеновты; 9 КСРО спорт шеберін тәрбиелеген. КСРО спорт шебері (1975). Бокстан ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1982). Қазақстанның болашағы туралы болжамы - ≪Бәрі де тамаша болады!≫ Ұлдары - Рустам (1976 ж. т.), Мансұр (1986 ж. т.); қыздары - Зухра (1981 ж. т.), Заида (1990 ж. т.). <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub