Төлеубек Әбдіқадыров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төлеубек Әбдіқадыров (08.02.1940, Тәжікстан, Ленинабад облысы, Гиссар ауданы, Канака ауылы - 08.10.2009, Алматы) - мемлекет қайраткері.

1941 жылы әке-шешесінің отбасы Жамбыл облысының Сарысу ауданына көшіп келген. 1961 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика факультетін бітіріп, экономист-қаржыгер мамандығын алды. 1961-73 жылдары Жамбыл облысында қаржы мекемелерінде тексеруші-бақылаушы, Қаратау қаласында және Меркі ауданында қаржы бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облыстық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 1973-97 ж. Алматы қалалық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары; меңгерушісі, қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары; 1990- 92 ж. егеменді Қазақстан Республикасының алғашқы қаржы министрі болып істеді. 1997 - 2001 жылдары Алматы облыстық қаржы басқармасының бастығы.<ref>"Тараз. Жамбыл облысы" (Қазақ энциклопедиясы), 2003</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер