Төлепберген Әбенұлы Тобағабыл

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тобағабыл Төлепберген Әбенұлы (20.5.1936 ж. т., Сырдария ауданы Аламесек ауылы) – жазушы. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультеттін бітірген (1963). 19571962 ж. Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария) «Еңбек майданы» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы, 19621963 ж. «Қазақстан пионері»Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі, 19631967 ж. Қазақ радиосында аға редактор, 19671970 ж. Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде бас редактор, 19731992 ж. Қазақ радиосында бас редактор, 19921994 ж. халықаралық Тұран радиосында бас редактор, 19941996 ж. Қазақ КСР Министрлер Кабинеті жанындағы Тіл комитетінде бөлім бастығы болды. «Баспалдақ» атты алғашқы өлеңі 1955 ж. облысы «Ленин жолы» газетінде жарияланған. Кейін «Жаңылтпаштар» (1963), «Сағадат Нұрмағамбетов» (1966), «Өкініш» (1966), «Өңшең мықты» (1968), «Тағдыр» (1970), «Жазира» (1971), «Тағы бір күз» (1975), «Түсінсең еді мені» (1978), «Время жить», (1980), «Жүрегім соғып тұрғанда» (1982) атты өлең, повесть, әңгімелер жинақтары жарық көрген. «Көктемнің ең ұзақ күні», «Құзар» атты деректі телефильмдер сценарийлерінің авторы. «КСРО телевизиясы мен радиосының үздігі» белгісімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, 3 рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. <ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том</ref>

Дереккөздер

<references /> Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub