Төлеген Жұмақаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Төлеген Жұмақаев (1914 жыл, Қаратөбе ауданы, Шалғын - 1984) - жергілікті басшы, Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехнигі.

Еңбек жолы

1938 жылы Алматы зоотехникалық - малдәрігерлік институтын бітірген. 1940 жылы әскерге алынып, генерал Гусевтің атты әскерінде саяси жетекші, эскадрон командирі болған. 1955 - 62 жылдары Қаратөбе ауданында шаруашылық басшысы, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, бұдан кейінгі жылдары Жымпиты аудандық ауыл шаруашылығы өндірістік басқармасын, Тайпақ аудандық партия комитетін басқарған. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.

<ref> Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0 </ref>

Дереккөздер

Үлгі:References