Төлеген Жанғалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төлеген Жанғалиев - 1950 жылы 27 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған.

  • 1973 жылы Семей пединститутын,
  • 1982 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген.
  • 19821999 жылдары Абай аудандық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы, аудан әкімінің орынбасары болып істеген.

Шығармашылығы

Жыр топтамасы алғаш рет республика жас ақындарының «Қарлығаш» (1978), сонан соң «Сыр сапар» (1980), «Тоғыз перне» (1981) атты ұжымдық жинақтарында жариялайды. Баспалардан әр жылдары алты кітабы жарық көрді.

  • Жүрегім сөйлеп тұрғанда. Өлеңдер. А., «Жалын», 1982;
  • Шыңғыстау шындығы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1993;
  • Оңалған ойдың сәулесі. Өлеңдер. А., «Дәуір», 1996;
  • Біз жұмаққа бармаймыз. Өлеңдер, балладалар, поэмалар. А., «Атамүра», 1988;
  • Атом мен ақын. Өлеңдер. А., «Қанағат», 1999;
  • Баба жайлы балладалар. Балладалар. Новосібір, «Современник», 2001.

Жетістіктері

Жас ақындардың республикалық «Жігер» фестивалінің (1978), Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың (1996) лауреаты, Шығыс Қазақстан облыстық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}