Төлебай би

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төлебай би, Төлебай Танабайтегі 1835-1891 жылдар аралығында өмір сүріп, билік құрған қазақтың атақты биі.

Оның арғы тегі қазіргі Торғай облысын мекен етіп келген Арғын тайпасынан, одан берегірек шежіреде Шақшақ, Аманжол, Қошай, Үметай, Жәнібек, Аралбай, Мырза, Кебек, Танабай болып келеді. Сол елдің ақыны Қарпық Шолақұлының Төлебай биге шығарған жоқтау жырында да бұл шежіре осылай таратылады. Төлебай шешен халқымыздың тұңғыш педагога Ыбырай Алтынсаринмен (1841-1889) туыстас, замандас екен. Төлебай Ыбырайдан 5-6 жас үлкен. Жастық шағын екеуі бірге өткізсе керек. Ыбырайдың арғы атасы Балғожа бидің ел басқарудағы билік, шешендік дәстүрін ілгері дамытушы, жалғастырушылардың бірі осы Төлебай болған деседі ел. Танабай 18-20 жасынан ел арасындағы жер дауы, жесір дауы, мал, жайылым тағы басқа дау-дамайларға билік айтып, өзінің әділдігі, шешендігімен халық құрметіне бөленеді. Архив деректерінде, баспа бетінде Төлебай бидің билік, шешендік сөздері кездесе бермейді. Ел арасындағы айтылып келген аңыз-әңгімелер кезінде жинастырылмаған. Төлебай бидің өміріне қатысты деректер Ыбырай Алтынсарин, Нұржан Наушабаев, Ерден Сандыбайұлы жәніндегі әңгімелерде аз-аздап ұшырасып отырады. Ерден сұлтанның нағашысы Қостанай түбінде отыратын Қырық-мылтық Ақбас дейтін бай кісі екен. Ерден жас кезінде оны нағашы деп жүріп, кейін би, сұлтан болған соң Ақбасты қомсына бастапты. Сол елдегі Төлек Жөңке батырға барып: - Маған нағашы бол, Ақбас бай нағашы болуға жарамады, мал жиғаннан басқаны білмейді, момын адам, - депті. Төлек Жөңке айтыпты: - Мен саған нағашы бола алмаймын. Ақбас момын болса, мен өзіңе ұқсаған өнербақан, ашуланшақпын. Екеуміз бір сөзге келмей, найзаласып жүрсек, елге күлкі-мазақ болмаймыз ба? - депті. - Енді маған кім нағашы болады? - депті Ерден. Сонда Жөңке батыр: - Сен Төлебайға бар, сол нағашы болуға лайыкты. Сонда да сен оған жиен болуға жарасаң! - дейді. Ерден қасына жүз қаралы кісі ертіп Төлебайдың аулына барып түседі. Олардың келе жатқан хабарын есіткен Төлебай он ақ отау тігіп, қарсы алып қонақтарды бірнеше күн сыйлап күтеді. Ерден еліне қайтатын болады. Нағашысы: - Қайтам десең жолың болсын. Өзіңдей жиен тапқаныма қуаныштымын. Аз да болса, көптей көр, - деп өзіне шапан жауып, кос жорға ат, өзге жолдастарына бір-бірден ат мінгізіпті. Арада бір жылдай уақыт өтеді. Ерден нағашысы Төлебайды қонаққа шақырады. Төлебай оншақты игі жаксы кісілерін ертіп жиенінің үйіне барып түседі. Бәрі жігі-жапар болып күтеді. Екі күннен кейін Төлебай қайтпақ болады. - Бұйымтайыңызды айтыңыз, не қалайсыз? - депті Ерден жиені. - Мен ешнәрсе алмаймын. Тек апа, жездемнің басына барып дұға оқысам болтаны, - деп дал ата шықса, он кісіге он ат, өзіне екі бәйге байлатып қойған екен. Төлебай бәрінің ноктасын сыпыртып қоя бергізіпті. - Апырым-ай, нағашеке, - депті Ерден, - енді бостан-бос кететін болдыңыз-ау, - деп киылып тұрып алыпты. Сонда Төлебай би: - Уай, сен мазалай бердің ғой. Ендеше өзің билеп отырған уәләятыңды маған билеуге бер? - депті. Ерден де мерт екен, көп ойланбапты: - Бердім, нағашыеке, депті. Төлебай еліне барған соң, қысқа қарай жігіттерін жұмсап Ерденнің жайылымында жатқан жылқысынан жүз жылқы айдатып алдырыпты да, өзінің Үметей еліндегі ағайындарына сотымға таратып бергізіпті. Ерден оны біледі. Елінің адамдары: "Жақсы айғырымыздың үйірі еді, малымызды төлесін", - деп, Ерденнің мазасын ала береді. Ерден Төлебайға бара алмапты. Келесі жылы соғым кезінде Төлебай тағы да жігіттерін жұмсап екі жүз жылқысын айдатып алып, еліне соғымға бөліп беріпті. Ерден ауылы шу көтеріпті. Шыдамы таусылған Ерден нағашысының аулына барыпты. Нағашысы оларды күтіп алыпты. Ерден Төлебайға барып айтайын десе, жүрегі дауаламай қайтып, кете беріпті. Мұны сезген Төлебай би: - Жиенжан, кайта-қайта ордама келесің де, ештеңе айтпай кете бересің. Не айтайын деп едің, іркілме, айта бер?! - дейді. Ерден: - Не істерімді білмей жүрмін. Бір жағынан елім мазамды алып барады, - дейді. Сонда Төлебай би: - Жиенжан, ең әуелі келгенде жиендік жасап менің билеп отырған елімді сұрағанда беретін едім. Сен сұрайтыныңды білмедің, малға қызықтың. Сөйттің де мен берген ат, шапанға мәз болып еліңе қайттың. Ел билеймін деген менің жиенім мұндай ұсақтық жасамаса керекті. Еліңді билетуге өз ықтиярыңмен бердің. Енді ол менің қарамағымда, жылқысын менен келіп өздері сұрасын. Өз обалың өзіңе! - депті. Асқақтап жүрген Ерден сұлтан бармағын тістеп, сабасына бір түскен екен дейді ел. Төлебай шешен 56 жасында қайтыс болғанда Қарпық ақын Төлебайдың бәйбішесі, қызы, келіні атынан шығарып берген үш жоқтау нұсқасы "Боздағым" (1990 ж.) жинағында жарияланған. Соның бірі былай жырланған:

Елу алты жасында,

Дүниеден кайтты арыстан.

Аруақты туған атақтым,

Тоят тілеп алыстан.

Бабасынан сөйлесем,

Белгілі бекзат данышпан,

Еділден өтіп ер Шақшақ,

Дұшпандармен соғысқан.

Шеткері бірі қалмапты,

"Аманжол" деген дабыстан.

Одан бергі ер Қошай,

Қалмапты катар жарыстан.

Сол бабамның алты ұлы,

Бос қалмапты намыстан.

Үметей атам, Жәнібек,

Бабалардың рухы,

Бұларға келіп қауышқан.

Қатар шыққан екі ердің,

Қариялары жоқ еді,

Билік айтып туысқан.

Бергі атамыз Аралбай,

Шыға бір шапқан қамалға-ай.

Қыдыр дарып ер болып,

Нәсілі қалды заманға-ай.

Өз атасын сұрасаң,

Мырза, Көбек, Танабай.

Келмеген ешкім маңына-ай.

Байлық, бектік, жомарттық,

Бәрі де келді қолына-ай.

Талап еткен істерін,

Келтірді тәңірім оңына-ай!

Кешегі менің әкем,

Жиырманың ішінде,

Аталып еді Төлебай.

Құлағың сал дос-жарлар,

Біраз ғана зарыма-ай.

Заманына лайық,

Қараның болды-ау, ханындай.

Дұшпандарын ықтатып,

Беткейден соққан дауылдай,

Алашқа таңсық көрінді,

Шамсаннығ сары кауынындай.

Бабалардың рухы,

Толағай екен жаңылмай,

Батырлығын сұрасаң,

Көңілінде нұрдың жарығы-ай!

Дұшпандардан саспаған,

Құданың берген сабыры-ай.

Баласына үш жүздің,

Кетіп еді дабылы-ай.

Айтылса кайғы босайды,

Болған соң істің анығы-ай.

Үш уездің қазағы,

Басықара датқаның,

Басын қосқан асында.

Болғандардан естимін.

Болмасам да қасында.

Сүк қылыпты сонша жұрт,

Әкем сынды асылға.

Қыпшақтың өңкей манабы,

Кез болыпты ашуға,

Балқожаұлы Ыбырай,

Артын жиып жөнелді,

Басын корғап қашуға.

Мұны көріп әкем,

"Аманжолдап" ат қойды,

Тасыған көңілін басуға.

Қуып жетіп соңынан,

Ағалығын білгізген,

Көрмегенін көргізген,

Бозбалаға айдатып,

Қайтарып топқа кіргізген.

Бекмұхамбет болысын,

Инспектор орнына,

Жұмылған көзін аштырып,

Өкшесін бастырып,

"Жан сауға батыр" дегізген...

Көңіліне жақпаған,

Дұшпанның бұздың қорғанын.

Жомарттық еттің артықша.

Дүниенің біліп жалғанын.

Орыс, қазақ, өкімге,

Ықпалыңды жүргіздің.

Жауатын күндей торладың,

Менменсіп келген талайды,

Қолыңмен илеп толғадың.

Жолды, жолсыз болса да,

Бетіңе алған ісіңмен,

Абыройсыз болмадың.

Ізгілік еттің жұртыңа,

Жаяуыңа ат болып,

Жалаңашқа тон болып,

Сылап-сипап жұбаттың.

Еліңді жауға бермедің,

Алысқа колды сермедің,

Өрге жүзген жайындай,

Ашылған сайын өрледің...

Осындай менің әкешім,

Ордалы бектің нұры еді.

Тамам Алаш бас қосса,

Сөз бастайтын биі еді.

Рүстем менен Дастандай,

Заманындағы сері еді.

Жау қарасы көрінсе,

Жасқанбаған ер еді.

Саскандар акыл сұраса,

"Қамықпа, халқым!" - дер еді.

Алаштың Алатауындай,

Дұшпандар аспас бел едің.

Іздегенің табылған,

Белгілі шал кар кел едің...

Азамат жинап, ат сайлап,

Істедің бектің талабын,

Еркімен жүріп еліңді,

Араладың әкежан,

Арғымақ бедеу байлаған,

Болаттай шарға қайрағам,

Наурызым, Сыпсың екі ну,

Жағалай көшіп, жайлаған.

Ауылдың сыртын сәндетіп,

Торы ала бие байлаған,

Орданың сыртын қоршатып

Ер азамат жинаған.

Күнде жиын, күнде той,

Дастарқанын жимаған...

Көлеңкелі жарағым,

Құламаса мін бар ма?

Темір қанат балапан,

Ұшалмаса сын бар ма?

Қандай болып өтеді,

Атасыз күні баланың.

Жақсылығын күтелік,

Жаратушы Алланың.

Тәшмұхамбет, Ахмет,

Тілегін енді тілейік,

Қадірлі екі ағаның.

Рухы қолдап жар болғай,

Бұрынғы өткен бабаның.

Ерназар, Бекет, Ғабдолла,

Бірің - өңір, бірің - бой,

Алтынды сауыт тағаның,

Береке бірлік деген бар.

Айналайын ағалар,

Ортада қалған үш анаң,

Қайтара көрме назарын.

Ақыл салып әжеме,

Айналайын әкем,

Сақтаушы еді ажарын.

Басып кеткен ізіңді,

бұл қызының айтып жырлаған ықшамдап келтіріп отырмыз.

Енді кайдан табамын?

Бір кеткен соң арадан,

Зарлай-зарлай қаламын.

Жаннаттан болсын орының,

Ұжмақтың ашқай алабын.

Қысқартайын қош енді,

Мұқтасар етіп тамамын...<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Төлебай би|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}