Төлебай Морханов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Төлебай Морханов (1921 бұрынғы Адай уезі, Тұщыбек ауылы – 1982) – ауыл шаруашылық саласының қызметкері.
- Форт-Шевченко қаласында орта білім алған.
- 1938 – 1942 жылдары Таушық көмір шахтасында жұмысшы болды.
- 1942 – 1943 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан.
- 1943 – 1948 жылдары Тұщыбек ауылында мұғалім,
- 1948 – 1954 жылдары аудан комсомол комитетінде 1-хатшы,
- 1954 – 1981 жылдары аудандық партия қызметінде, аудандық азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.
- «Ерен ерлігі үшін» т.б. бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;
</ref>
Дереккөздер
<references/>