Төле

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төле, Толи, Толуй (т.-ө. ж. б.) – түркі-моңғол ханзадасы, Шыңғыс ханның 4-ұлы. Шешесі Бөрте – қоңырат тайпасынан шыққан. Төле жас кезінен бастап үнемі әкесінің жанында болып, моңғолдардың негізгі жорықтарының бәріне дерлік қатысқан. Кейіннен Шыңғыс хан өзі билеген аймақтарды Бөртеден туған 4-ұлына бөліп бергенде, Төлеге қарашаңырақ иесі – кенже бала ретінде моңғол үстірті мен түркі-моңғолдардың негізгі әскер күші мұраға қалдырылған. Әкесі қайтыс болғаннан кейін ол тақ мұрагері – ағасы Үгедейге бағынды және мемлекеттегі аса беделді адамдардың бірі ретінде елдің ішкі-сыртқы саясатында үлкен рөл атқарды.

Негізгі әскер күшін өз қолында шоғырландырған ол моңғолдардың 12351942 ж. Қытайға, Шығыс Еуропаға, Иранға жасаған жорықтарына белсене араласып, көмекке балаларын жіберіп отырды. Жазба деректерге қарағанда Төле ағалары Шағатай мен Үгедейден бұрын қайтыс болған. Балаларының ішіндегі тарихта қалғандары Батудың көмегімен Шыңғыс хан империясының билеушісі болған Мөңке, Қытайды жаулап алып, Юань әулетінің негізін қалаған Құбылай және Иран мен Иракты жаулап алған Хулагу.

Сілтемелер

Үлгі:Rodovid «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}