Төкен Әлжантегі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Token Alzhantegy 1.JPG
Оқырмандармен кездесуде

Төкен Әлжантегі (9.04.1953 жыл, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті) - ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Т. Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, Халықаралық конкурстың проза жанры бойынша жеңімпазы.

  • Еңбек жолын 1974 жылы Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы» газетінде жауапты шығарушы қызметтен бастап, кейіннен қалалық, облыстық газеттерде түрлі жұмыстар атқарған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Шығармашылық өмірі

  • Бірнеше прозалық кітаптардың авторы. Оның қаламынан туған «Қым-қиғаш тіршілік», «Ақ-қараның арасы», «Сегіз сері», «Сарбас ақын» романдары әдеби сын тырапынан, жалпы қалың оқырман қауымнан жоғарғы бағаға ие болған.
  • «Періштелер жерде ғұмыр кешпейді» драмасы Семейдің Абай, Атыраудың Махамбет, Қарағандының С. Сейфуллин атындағы және басқа театрларда сахналанған.
  • Ән шығарумен де әуестенеді. «Жаңаарқа вальсі», «Қызылтас», «Тым кештеу жолықтық па...» әндерін Қазақстанға танымал әншілер орындап жүр.

Шыққан кітаптары:

  • «Армысың, ару күн!» (әңгімелер), Алматы, «Жалын», 1987 ж.
  • «Ашық сабақ» (повестер мен әңгімелер), Аматы, «Жалын», 1991 ж.
  • «Қым-қиғаш тіршілік» (роман және хикаяттар), Астана, «Елорда», 2000 ж.
  • «Ақ-қараның арасы» (хикаяттар, әңгімелер және роман), Алматы, «Үш қиян», 2002 ж.
  • «Жартастан жеткен жаңғырық» (хикаяттар, драма), Алматы, «Үш қиян», 2004 ж.
  • «Сегіз сері» (роман), Алматы, «ҚАЗақпарат», 2006 ж.
  • «Сарбас ақын» (роман), Алматы, «ҚАЗақпарат», 2007 ж.
  • «Жалғанның жанды қуыршақтары» (хикаяттар), Қарағанды, «Дара», 2007 ж.
  • «Тіріде тірнек таусылмас» (әңгімелер), Қарағанды, «Дара», 2007 ж.
  • «Ән-ғұмыр» (әдеби-деректі хикаят), Алматы, «ҚАЗақпарат», 2010 ж.
  • «Саусағынан саз сауған» (әдеби-деректі хикаят), Алматы, «Үш Қиян», 2012 ж.
  • «Арландар апанында өлмейді» (повестер), Астана, «Фолиант», 2014 ж.
  • «Періштелер жерде ғұмыр кешпейді»
  • «Күнәһар»

- пьесалары Қарағанды, Атырау, т.б. облыстық театрларда сахналанған.

Бәйгелер қорытындысы:

  • Т. Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, 1998 ж.
  • Қарағанды облысы әкімінің «Жыл жазушысы» сыйлығының лауреаты, 2000ж.
  • Проза жанырынан «Қазақстан әдебиеті-2000» Халықаралық конкурсының жеңімпазы, 2000 ж.
  • Махмұд Қашқари атындағы Түрік тілдес елдер әдебиеті Халықаралық бәйгесінің жүлдегері, 2012 ж.
  • Драматургтердің Республикалық бәйгесінің жүлдегері, 2012 ж.

Сыншылар мен жазушылар лебізі

  • «Жазушы атаулылардың таланттылары пәлсапаға бойламай, орта жолда қалмаса керек. Кемеңгерлікке ұмтылыс уақыт кеңістігінің келешегісіне де, бүгінгісіне де терең үңілудің айғағы емес пе?! Осы тұрғыдан алғанда Төкеннің өз шығармаларындағы толғаныстары мені қатты ойлантты. Автордың айтқыштығына шынында да сүйсініп отырасың. Мысалы, «Құшақ көрмеген қыздай, қылық алмаған арудай кірпияз.» Осы психологиялық мінездемеден көз алдыңа қандай жанды сурет елестейді? Бір сөзбен айтқанда – Т. Әлжантегі өте шебер қаламгер». Мұзафар ӘЛІМБАЕВ, Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлық иегері. («Орталық Қазақстан». 24 қазан, 2006 жыл.)
  • «Қуаныш Жиенбайдың «Даңқ түрмесінің тұтқыны», Төкен Әлжантегінің «Ақ қараның арасы», Сейітқұл Оспановтың «Сопының ғұмыры» жинағына енген әңгіме, хикаялары негізінен өтпелі кезеңнің ауырпалығы мен онан шығудың жолын іздеп, шарқ ұрған жеке тұлғалар жан дүниесінің арпалысын көрсетуге арналған шығарма деуге келеді. Әлжантегінің «Бақыр басты еркек» хикаяты Майсарының отының басындағы шарасыз тірлік, кеңес заманындағы кеңшар, ұжымшар төрағасынан кейінгі жұмыссыз қалған ауыл адамының күнкөрісінің қиыншылығына арналады. Мұндай кезде арамза алаяқтың наны жүретінін де жазушы назардан тыс қалдырмапты. Сондай-ақ, кеңес үкіметі кезінен қалған араққа деген әуестіктің залалы да кеңінен суреттеледі. Майсарының әйелі Айбітіммен келісіп, талшық үшін өгізшені етке өткізуі, онан саудагердің алдауына түсуі, арақ ішіп, мас болып барлық ақшадан айырылып қалуы, сол ақшаны іздеймін деп жүріп ақырында боранды күні адасып, опат болуы соның дәлелі. Жазушының тіл байлығы жеткілікті». Адам МЕКЕБАЕВ, жазушы. (Әдеби жыл қорытындысында жасалған баяндамадан. «Қазақ әдебиеті» газетінің №15 саны, 11-17 сәуір, 2003 жыл)

Жетістіктері

  • 1998 жылы «Жалғыздан қалған тұяқ» повесі үшін Т.Айбергенов атындағы сыйлық берілді.
  • «Қазақстан әдебиеті —2000» конкурсының проза саласы бойынша жеңімпазы.
  • Бірнеше әндердің авторы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия