Тәшібай Әлмұхамбетов
Тәшібай Әлмұхамбетов (15.9.1910, Қостанай облысы Қамышин ауданы "Бестау" кеңшар, - 2.12.1943, Қазан қаласы) - ақын.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Даярлық курсын бітірген (1938). 1932 - 41 ж. Қарсақбай, Жезқазған, Семей қаласында мұғалімдік қызмет атқарған. Алғашкы өлең, әңгіме, очерктері "Қызыл кенші" (Жезқазған), "Екпінді" (Семей), "Қазақ әдебиеті", "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газеттерінде, "Әдебиет майданы" (қазіргі "Жұлдыз") журналында жарияланған. "Он алтыншы жыл" (1940), "Тарту" (1940), "Жыр аманаты" (1978) жинақтары жарық көрген. 1941 - 43 ж. "Отан", "Отан үшін", "Қарағай", "Жігітті мақтап не керек", т.б. өлеңдері жауынгерлер арасына кең тараған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify