Тәржіман

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Tercuman-Perevodchik.jpg
Тәржіман газетінің бас жағы

Тәржімангазет. Алғашқы саны 1883 жылы 10 сәуірде “Тілде, пікірде, істе – бірлік” деген ұранмен Бақшасарай қаласында шықты. Ұйымдастырушы және шығарушы редакторы И.Гаспринский. Бұл барлық ресейлік түркілерге арналған тұңғыш газет еді. Газет пен оның шығарушысы еркіндік пен білімге ұмтылған түркі халықтарының көшбастаушысына айналды. Тәржіман басылымының мақсаты түркі халықтарын азаттық күресте бірлікке және оларды ортақ әдеби тілге көшуге үндеді. Сонымен қатар Орта Азия халықтарының сауатын ашуға ат салысты. Қаржы тапшылығына байланысты 1914 жылы жабылды. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтемелер

<references /> Үлгі:Суретсіз мақала