Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағы

Аймақтың аумағы Таулы Бадахшан автономиялы облысымен сәйкес келеді және елдің шығыс бөлігін алып жатыр (республика аумағының 45%-ы). Бұл өлкеде әр түрлі ландшафтылар: альпілік және субтропиктік, мәңгі қарлар мен биік таулардағы шөлдер кездеседі. Мұнда ең биік қыраттар мен елдің ең үлкен мұздықтары, ең биік орналасқан елді мекендер (4000 м-ге дейін) бар. Аймақ мұздақтарынан Орта Азияның барлық өзендері дерлік бастау алады.

Климаты

Аймақ климаты қатал, шұғыл континентті, қыста Тәжікстандағы ең төменгі температура осында байқалады. Пайдалы қазбалар — сирек және қымбат металдар, тау хрусталі, өңделетін тастар, көмір, асбест, слюда мен басқа да минералдық шикізаттар бар екені Таулы Бадахшанда өте ежелгі заманнан бері белгілі болған 50-ден астам ыстық және емдік қасиеті бар суық бұлақтар белгілі.

Кен байлықтары

Соңғы жылдары бұл жерден көптеген асыл тастар — әр түрлі түстегі скаполиттер, бал түсті сфендер, көгілдір және түтін түстес топаз, аквамариндер, ірі сұлу кристалдар түріндегі, кез келген мұражайдың сәні бола алатын турмалиндер табылды. Өңдеуге жарамды скаполит Танзания мен Бразилия үлгілерінен ғана белгілі болған еді, енді ол Тәжікстаннан табылды.

Тау хрусталі мен құрылыс материалдарының кейбір кен орындары игерілуде. Арнайы экспедициялар қымбат бағалы тастарды іздеу, барлау мен өндіру жұмыстарын жүзеге асырады, ол асыл тастар Душанбедегі зергерлік бұйымдар зауытында өңделеді.

Аймақтың бай су энергетикалық ресурстары (олардың қорлары республикалық қордың 20%-ын құрайды), минералдық-шикізат ресурстары жетуге қиындығы мен қатал табиғат-климаттық жағдайларына байланысты әзірше жеткіліксіз игерілген.

Облыста таулы жер бедерін игерудің қиыншылықтары әзірше автомобиль көлігін ғана (республикадағы 17%-ы) дамытуға мүмкіндік береді. Дүние жүзіндегі ең күрделі трассаШығыс Памир тас жолы (Ош-Хорог) Таулы Бадахшан автономиялық облысын басқа дүниемен байланыстырады.

Күрделі табиғи-климаттық және көліктік жағдайлар елдің экономикалық жағынан дамыған орталықтарынан шалғайлығы мен бөлектігі облыс экономикасына із қалдырды. Негізінен, ауыл шаруашылығы (оның өнімдерінің үлесі 70%-ды құрайды) оның ішінде мал шаруашылығы (ауыл шаруашылғы өнімдерінің 70%-нан астамын береді) басым дамыды. Ауыл шаруашылығына жарамды жердің 97%-ын жайылымдар мен шабындықтар құрайды. Сондай-ақ картоп және темекі өсірудің де маңызы зор.

Хорог қаласы

Автономиялық облыстың әкімшілік, өнеркәсіптік және мәдени орталығы Хорог қаласы Гунт өзенінің Пяндж өзеніне құятын жеріндегі терең аңғарда орналасқан. Хорог елдің биік тауда орналасқан қаласы (2200 м). Хорогте ағаштар көп, көлі мен стадионы бар әдемі саяжай орналасқан, қаланың төңірегінде бақшалар созылып жатыр. Хорог кіші қала болғанымен, онда музыкалық-драмалық театр, педагогикалық және музыкалық колледждер бар. Қалада нан зауыты, ет-сүт комбинаты, темір-бетон күрылымдары зауыты мен басқа да кәсіпорындар жұмыс істейді. Хорогке электр тогын қалаға жақын орналасқан СЭС береді. Хорог өзінің биік таудағы ботаникалық бағымен әйгілі. Мұнда өсімдіктерді биік тау жағдайларына бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Тік тау террасаларында Еуропадан, Африкадан, Аустралия, Америкадан әкелінген ағаштар мен бұталар өсіп түр.<ref>Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5</ref>

Сурет:Khorog panorama.jpg
Хорог, солтүстiк жақтан көрініс

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}