Тәжібай Жанаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тәжібай Жанаев - 1940 жылы 20 наурызда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Буракөл ауылында туған.

  • Осы облыстың бұрынғы Есбол ауданындағы «Зеленый» балалар үйінде 10 жылдықты бітірді,
  • 19581959 жылдары Қаратон мұнай кәсіпшілігінде еңбек етті.
  • 1965 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген.
  • 19651970 жылдары мектептерде ұстаздық етеді.
  • 19701980 жылдары «Қазақстан», «Жалын» баспаларында редактор, аға редактор, Қазақ КСР ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкері болып істеді.

Шығармашылығы

Шығармашылық жолы 1958 жылы жарияланған «Бураға мінген серілер» атты өлеңмен жазылған фельетоннан басталады. «Үміт оты» (1974), «Соңғы жеті шақырым» (1976), «Тобанияз қыстауы» (1998), «Періштелер жыламайды» (2001) атты әңгімелері мен повестері бар. Газет-журналдарда қазақша және орысша сыни мақалалары жариялайды. Аударма саласында Р.Акутавага, К.Паустовский, В.Катаев, Аленьдо, Сантос, Витаутес Римчикавючис, Уильям Санди және т.б. шетел жазушыларының әңгімелері мен Н.Вороновтың «Пілге үйір бала» (1982) повестері мен әңгімелері, А.Кешковтың «Сынған таға» романы (1987), «Қазақстан халықтарының ертегілері» (1996), т.б. кітаптарды тәржімалады. 2009 жылы «Ангелы не плачут» әңгіме, новеллалар жинағы шықты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}