Тәжен Елеуов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тәжен Елеуов (21 сәуір 1909 ж., 21-ауыл, қазіргі Қызылорда облысы, Сырдария ауданы – 20 қараша 1967 ж., Алматы қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (1961), профессор (1965).

2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Мәскеу қаласындағы кеңес партия мектебі (1930) мен ҚазПИ-ді (1947, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Алматы облысында комсомол жұмысында (1930–35), Қазақ өнеркәсіп кеңесінде бөлім меңгерушісі, «Хроника» журналының редакторы, Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнология институтының кіші, аға ғылыми қызметкері (1946–67), Қазақстан Ғылым Академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің ғалым-хатшысы (1948–50) қызметтерін атқарған.

«Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы мен нығаюы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Оның ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты – Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы және Азамат соғысының тарихы.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Сыртқы сілтемелер

http://m145.goroo-korda.kz/?q=node/18

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тәжен Елеуов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}