Тұқым жарнақтары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұқым жарнақтары (cotyledonis) - әлі жіктелмеген ұрықтағы тұқымда дамитын өсімдіктің бірінші жапырақтары. Пішіні анатомиялық құрылысы және қызметтері бойынша өркеннің өсу конусында түзілетін нағыз жапырақтардан жиі қатты ерекшеленеді. Қылқан жапырақтыларда әдетте бірнеше, (2-15), қос жарнақтыларда 2, дара жарнақтыларда 1 тұқым жарнақтары болады. Жер үстінде өну кезінде тұқым жарнақтары жасылданып, фотосинтезге қабілетті болады, жер астында өну кезінде, қоректік заттардың қоры болып табылады, эндоспермасы бар тұқымдарда олар қоректік заттарды өскіннің жер бетіндегі бөлікке береді. Өнуден кейін тұқым жарнақтары өсімдікте кейде бірнеше ай бойы тірі болып сақталады.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тұқым жарнақтары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}