Тұғырыл хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұғырыл хан немесе Тогартак хан - қыпшақ ханы.

Өмірбаяны

Шамамен XI ғасырдың алғашқы ширегінде туған. Тұғырылды Дөң (Дон) мен Днепр өзендері аралығын қоныс еткен қыпшақтарға хан етіп Есіл хан тағайындаған. Тұғырыл әскери өнерімен, ерлігімен көзге түскен батыр әрі соғыс қимылдарын жақсы ұйымдастыра білетін қолбасшы болған. Бұл кезеңдерде қыпшақтар Киев Русі мен Византия секілді көрші елдермен жиі байланыс жасайтын.

Бірде Тұғырыл ханға арнайы сыйлықтар әкелген Византия елшісі екі жақтың бірігіп одақ құруын сұрайды. Өйткені, қырық жыл бойы түркі - печенег (бажанақ) тайпалары Шығыс Еуропа мен Византияның талай рет зәресін алған. Бұл кезде Тұғырыл мен печенегтердің арасында туыстық жақындық болса да, біршама уақыт қарым - қатынастың үзілуінен бір - біріне жат болып кеткен еді. Осы себепті Византия императоры Алексей I Комниннің өтінішін Тұғырыл хан жерге тастамады. Сонымен, 1091 жылы 26 сәуірде Византияны жақтаған Тұғырыл хан өз әскерін бастап көмекке келеді. Қызыл қырғын шайқас Византия астанасы Константинополь маңында, Лебурне даласында өтті. Император Алексей I жараланып, ұрыс даласынан қашып кетеді. Осылай, өздерінің қандас бауырлары болса да, печенегтерді өз қолымен шапқан Тұғырыл византиялықтар үшін жеңіс туын көтереді.

Талай жаугершілігімен көзге түскен Тұғырыл хан 1096 жылы 19 шілдеде өз қызын берген орыс князьдерінің кесірінен күйеу баласы Святополк жасағының адасқан жебесінен қаза тапты.<ref>Алтын Орда: Қазақ хандығы (I бөлім). Қазақстан балалар энциклопедиясы / Т. Жұмаханов, Б. Жұматаев, Т. Шаңбай. - Алматы: "Аруна" баспасы, 2007. - 224 бет, илл. ISBN 9965-26-042-7 </ref>

Дереккөздер

Үлгі:References