Тұщыбек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан ТұщыбекМаңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы ауыл, Отпан ауылдық округі құрамына кіреді әрі сол округтің орталығы.

Географиялық орналасуы

Аудан орталығы Шетпе ауылынан батысқа қарай 18 км, Жыңғылды ауылынан шығысқа қарай 21 км жерде, Таушық – Шетпе автомобиль жолы бойына орналасқан<ref name="source1">Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>.

Халқы

1999 жылы да, 2009 жылы да ауыл халқы 258 адамды құрады<ref>[stat.gov.kz/getImg?id=WC16200032719 - 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том]</ref>.

Тарихы

Ауыл 1969 – 1995 жылдары қаракөл қойын өсіретін Куйбышев атындағы кеңшар бөлімшесінің орталық болған. Оның негізінде мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары мен фермерлер жұмыс істейді<ref name="source1"></ref>.

Ауыл 2007 жылы Жыңғылды ауылдық округі құрамынан бөлініп шығу арқылы жаңадан құрылған Отпан ауылдық округінің құрамына кіріп, сол округтің әкімшілік орталығы болады<ref>Маңғыстау ауданының Отпан ауылдық округін құру туралы</ref>.

Инфрақұрылымы

Ауылда бастауыш мектеп, дүкен және телеорталық бар. Сонымен қатар туберкулезге қарсы күресетін 50 орындық Е.Оразақов атындағы шипажай жұмыс жасайды. Халыққа ауыз су 1,5 – 2 км қашықтықтағы су ұңғымасынан тасылып беріледі. Газ құбыры тартылған<ref name="source1"></ref>.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Маңғыстау ауданы елді мекендері