Тұрған Қасымұлы Тохтамов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұрған Қасымұлы Тохтамов (19.6.1940 жылы туған, Алматы облысы Жаркент ауданы Садыр ауылы) - жазушы. ҚазҰПУ-ды бітірген. Алматы Темір жол стансасында жолсерік қызметінен бастаған. "Коммунизм туғи" газетінде корректор, туған ауылында мұғалім, Панфилов аудандық «Йеңилик авази", "Жаңалық жаршысы" газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім бастығы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1973 ж. ұйғыр тілінде шығатын республикалық "Коммунизм туғи" газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1994 ж. араб жазуымен шығатын "Йеңи һаят" газетінің редакторы, одан кейін өзі ұйымдастырған "Парваз" журналының бас редакторы болды. 1997 ж. зейнетке шыкты. Жазушының повестері мен романдары қазақ, орыс, украин, өзбек, кырғыз тілдерінде басылып шыққан. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Шығармалары:

  • Өсек өңірінде. Повестер. А.,1975;
  • Дұрзы жаңғырығы. Повестер. А.,1978;
  • Ақ жауын. Роман. А., 1980;
  • Қорғасын қатып қалмайды. Деректі повесть.А., 1977;
  • Назугум. А., 1988;
  • Әкемнің тоны. Әңгімелер. А., 1982;
  • Ананың көз жасы. Повесть және әңгімелер. А., 1990;
  • Сергелдең. Роман. А., 1999;
  • Үш томдық таңдамалы шығармалары. А., 2000.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}