Тұрсын Икрамұлы Сұлтанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұрсын Икрамұлы Сұлтанов (7 мамыр 1940 жылы туған, Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылы) – ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Өмірбаяны

  • 1974 – 97 жылдары Ресей ғылым академиясының шығыстану институтында (Санкт-Петербург) жұмыс істеді.
  • 1997 жылдан Санкт-Петербург мемлекеттік университеті шығыс факультетінің Орталық Азия мен Кавказ кафедрасының меңгерушісі.

Ғылыми еңбектері

Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты Орталық Азияның ортағасырлық тарихы мен деректану мәселелері. Орталық Азияның (Шығыс Түркістан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, т.б.) тарихы, мәдениет тарихы мен дерекнамасы жөніндегі 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы, олардың 16-сы монографиялар. Бірнеше кітабы жапон, түрік және неміс тілдеріне аударылған.

Марапаттары

Санкт-Петербург университетінің “Ең үздік ғылыми еңбектері үшін” сыйлығына ие болған (2000, 2004).<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998, ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub