Тұрсынқұлов Қалаубек Құдайбергенұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Infobox Biography Қалаубек Құдайбергенұлы Тұрсынқұлов (25.3.1934, Оңтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Шарболат ауылы - 02.02.2009) - жазушы. Якут АССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1981). Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университетті) бітірген (1957).
- 1957- 61 ж. Ленин аудандық орта мектепте мұғалім, аудандық комсомол комитетінің 1-хатшысы,
- 1962 - 63 ж. Оңтүстік Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің хатшысы,
- 1963 - 66 ж. Шымкент облысы комсомол комитетінің 1-хатшысы,
- 1966 - 69 ж. Қазақстан ЛКСМ ОК-нің хатшысы,
- 1969 -72 ж. Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
- 1972 жылдан Қазақстан жазушылар одағының
хатшысы болған.
Шығармашылығы
Тұңғыш әңгімелер мен повестер жинағы "Алысқа тартқан жол" 1969 ж. жарық көрген.
- "Алыста қалған ағайлар" (1970),
- "Әкелер жолымен"(1972),
- "Есіңде ме сол бір кез"(1973),
- "Олар оралған жоқ" (1976),
- "Аңды Қарақыз" (1982),
- "Алыс жолдар" (1974),
- "Поляр шеңберінің маңында" (1986) жинақтары басылып шықты. Тұрсынқұлов
"Кәпірзада оқиғасы", "Арман азабы" пьесаларының авторы. Бірқатар шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. 2 рет "Құрмет белгісі" (1981) орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify