Тұрсынқұлов Қалаубек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұрсынқұлов Қалаубек1934 жылдын 25 наурыз куні Оңтүстік Қазақстан облысының Қазыгұрт ауданындағы ІІІарболат ауылында туған. <ref> "Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89 </ref>. 1953-1957 жж. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтында оқып, орыс тілі мен әдебиеті мамандығын алды.

1957-1959 жылдары өзі оқыған Ленин атындағы орта мектепте муғалім, оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1959-1961 жж. Қазақстан ЛКЖО Қаратас аудандық комитетінің бірінші хатшысы, 1961-1963 жж. Оңтүстік Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1966-1969 жылдары.

Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің хатшысы қызметін атқарады. 1969-1972 жылдары Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, 1972 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының ұйымдастыру жөніндегі хатшысы, 1992-1997жыл жары Мемлекеттік телерадио компаниясы торағасының орынбасары секілді жауапты жұмыстар атқарды.

Алғашқы шығармаларын елуінші жылдардың екінші жартысында жазды. "Қалкен Шарболатұлы" деген атпен "Көпірзада" пьесасы, әңгіме, повестері баспасөзде жарық көрді. Алғашқы әңгімелер мен повестер жинағы "Алысқа тартқан жол" 1969 жылы шықты. "Арман азабы" пьесасын, "Есінде ме сол бір кез", "Хал қалай, жолдас хатшы", "Кешіккен хат", "Анды-Қарағыз" повестерін, "Поляр шеңберінің маңында", "Олар оралған жоқ", "Сардана мен қызғалдақ", "Қазыгүрт: аныз бен ақиқат" секілді роман-эсселер жазды.

К.Яшеннің пьесаларын, Р.Файзидің "Айналайын атыңнан" романын, F.Fyламның "Ташкенттіктер" романын, И.С.Тургеневтің "Бейбақ", С.Даниловтын "Манғары" повестерін, Л.Н.Толстойдың әңгімелерін және басқа да жазушылардың шығармаларын аударды. Жекелеген повестері орыс, украин, белорус, чех, өзбек, тәжік, якут, татар, башқұрт, армян, т.б. тілдерге аударылған. Өзбек тілінде 3 кітабы, саха тілінде 3 кітабы, Мәскеу баспаларынан 3 кітабы жарықкөрген.

Екі мәрте "Құрмет Белгісі" орденімен, "Еңбектегі ерлігі ушін" медалімен, екі рет Қазақ КСР жоғарғы Кеңесінің Қурмет Грамотасымен марапатталған. Саха Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Саха

Республикасы Мемлекеттік сыйлығы мен Эрлик Эристин атындағы әдеби сыйлығының, Қазақстан Жазушылар одағынын С.Сейфуллин атындағы сыйлығының иегері.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}