Тұрмыстық жанр
Тұрмыстық жанр - бейнелеу өнерінің жанры. Әдетте тұрмыстық жанр туындылары күнделікті тіршілікті немесе қоғамдық өмірді кескіндеп бейнелеу мақсатында жасалады.
Тұрмыстық жанрда тұрмыстық кескіндеме басты рөл атқарады әрі жанрлық тақырыптар мұнымен бірге графика мен мүсін саласында да кең көрініс береді. Тұрмыстық жанр адамдардың тұрмыстағы арақатынасын бейнелеумен шектелмей, олардың ішкі жан дүниесін, қарапайым, күнделікті өмірдегі құбылыстардың тарихи-қоғамдық мәнін әр қырынан жан-жақты ашып бере алады. Тұрмыстық көріністер ежелгі өнер ескерткіштерінен белгілі. Бейнелеу өнерінің айрықша бұл жанры ортағасырлық заманда Ежелгі Шығыс елдерінде және XVI – XVII ғасырларда Еуропада жеке өз алдына бөлініп шықты. Жаңа замандағы тұрмыстық жанрдың гүлдену кезеңдері демократиялық және реалистік бағыттардың қуат алып, кескіндемеші-мүсіншілердің хауылылық өмірі мен еңбектің бел ортасына араласуына әрі өнерде тұрмыстағы көкейтесті мәселелерді өз шығарм-на өзек етуіне тікелей байланысты болды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Мазмұны
Жанрдың даму тарихы
Бастаулар
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде аңшылық, әдет-ғұрып салтынан көріністер, ежелгі шығыс жазбалары мен бедерлерінде халықтың күнделікті іс-қарекеті, ежелгі грек пен рим жазбаларында, мозаика мен мүсіндерінде тұрмыстық тақырыптар бой көрсетті.
Орта ғасырда Азия (Үндістан, Индонезия, Камбоджа, Ирак, Орталығы Азия, Әзірбайжан, Иран) мен Еуропада (Германиядағы Наумбург соборының бедерлері, XIII ғасырдың ортасы) тұрмыстық жанр тарай бастады. Қытайда діни-философия идеямен байланысты алғашқы жанрлық картиналар IV ғасырда (Гу Кай-чжи) пайда болып, Тан кезеңінде (VII – X ғасырлар) жанрлық кескіндеме мектебі қалыптасты. Жапония мен Кореяның жанрлық кескіндемесі де қытай өнері сипатында дамыды.
Қайта өркендеу дәуірі
Қайта өркендеу дәуірінде тұрмыстық жанр
- Италия: Джотто, Лоренцетти, Джорджоне, Бассано
- Нидерланд: Массейс, Ян ван Эйк, Питер Брейгель
- Франция: Калло
- Фландрия: Рубенс, Йорданс
- Испания: Веласкес)
- Голландия К.Фабрициус, Г.Терборх, Рембрандт елдерінде өркен жайды.
16 – 18 ғасырларда Азия елдерінде бейнелеу өнерінің тұрмыстық жанр саласы гүлденіп, өнер тарихы
- Иран: Реза Аббаси
- Yндістан: Рамлал
- Корея: Ким Хон До
- Жапония: Харунобу, Утамаро, Хокусай есімдерімен толықты.
- Ambrogio Lorenzetti - Presentazione di Gesù al tempio - Google Art Project.jpg
Лоренцетти «Принесение во храм»
- Pieter Bruegel d. Ä. 035.jpg
Питер Брейгель «Мизантроп»
- Callot Burlesque Violinist.jpg
Калло «Бурлескный скрипач»
- Baroque Rubens Assumption-of-Virgin-3.jpg
Рубенс «Успение Пресвятой Девы Марии»
- Diego Velázquez 026.jpg
Веласкес «Инфанта Маргарита Австрийская»
- The Great Wave off Kanagawa.jpg
Хокусай «Большая волна в Канагаве»
XVIII ғасыр
- Франция: Буше, Ватто, Шарден, Гоген, Пикассо, Стейнлен, Фрагонар, Грёз
- Англия: Хогарт
- Италия: Лонги, Пиццинато
- Испания: Гойя
- Венгрия: Мункачи
- Румыния: Аман, Григореску
- Германия: Кнаус, Ходовецкий
- Бельгия: Мазарель
- Польша: Норблен
- Ресей: Шибанов, Ерменёв
- Jean-Honoré Fragonard 007.jpg
Фрагонар «Поцелуй украдкой»
- William Hogarth 036.jpg
Хогарт «Визит к шарлатану»
- Pietro Longhi 020.jpg
Лонги «Зубодёр»
- Retrato de la Marquesa de Santa Cruz.jpg
Гойя «Портрет маркизы Санта-Круз»
- Szlachcic polski.jpg
Норблен «Польский шляхтич»
XIX ғасыр
- Англия: Уолтер Сикерт
- Германия: Либерман, Керстинг, Шпицвег, Менцель, Лейбль
- Италия: Джованни Фаттори
- Франция: Курбе, Милле, Эдуард Мане, Эдгар Дега, Огюст Ренуар, Тулуз-Лотрек, Винсент ван Гог, Жерико, Декан, Домье
- Ресей: Венецианов мектебі, передвижниктер өкілдері, кескіндемешілер Мясоедов, Савицкий, Репин, Ярошенко, Касаткин, Серов, Федотов, Перов
- Голландия: Исраэлс
- Шотландия: Уилки
- Liebermann Papageienallee 1902.jpeg
Либерман «Аллея попугаев»
- Giovanni Fattori 069.jpg
Джованни Фаттори
- Vincent Willem van Gogh 128.jpg
Винсент ван Гог «Күнбағыстар»
- Grigorij Grigorjewitsch Mjassojedow 003.jpg
Мясоедов «Косцы»
XX ғасыр
- Германия: К.Кольвиц
- Мексика: Д.Ривера
- АҚШ: Д. Беллоуз
- Италия: Р.Гуттузо,
- КСРО: Кустодиев, Иогансон, Дейнека, Пименов, Герасимов, Пластов, Лактионов, Чуйков, Владимиров, Непринцев, Решетников, Позднеев, Савинов, Борисов.
- ТМД елдері: Джапаридзе, Салахов, Яблонская, И.Н. Қылышов, Қастеев (“Ескі мен жаңа тұрмыс” триптихы, 1937 –1941, “Жайлаудағы автодүкен”, 1963), С.Мәмбеев (“Сұхбат”, 1954, “Терезе алдындағы қыз”, 1961), Қ.Телжанов (“Жамал”, 1955, “Бүркіт салу”, 1964, “Қыз қуу”, 1966), М.Кенбаев (“Шопан әні”, 1956, “Әңгіме үстінде”, 1957), Ә.Жүсіпов (“Ана бақыты”, 1958), Н.Нұрмұхамедов (“Әкем келе жатыр”, 1960) А.Ғалымбаева (“Бір кесе қымыз”, 1967), Г.Ысмайылова (“Халық шеберлері” триптихы, 1967) сынды аға буын өкілдерімен қатар кейінгі С.Айтбаев (“Бақыт”, 1966, “Қонақ келді”, 1969, “Шопан”, 1974), Ш.Сариев (“Отбасы”, 1969), Т.Тоғысбаев (“Ас үй”, 1973),Б.Тәбиев (“Төлші әйелдер”, 1982), А.Ақанаев (“Әңгіме”, 1984), Б.Түлкиев (“Қонақ”, 1986), Д.Әлиев (“Жатақхана”, 1987), Е.Төлепбай (“Бесік жыры”, 1994), З.Түсіпова (“Ет асу”, “Бауырсақ пісіру”, екеуі де 2003), т.б. картиналарында ауыл тіршілігі, еңбек тынысы, қарапайым адамдардың өмір-тұрмысы мен замандастар бейнесі әр қырынан қылқалам құдіретімен көрініс тапты.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>
- GW Bellows Potrrait of Anne 1915.jpg
Беллоуз «Анны суреті»
- Borisov-Veniamin-After-Bathing-sbo22bw.jpg
Борисов. «После ванны.»