Тұрлыбек Өтемісұлы Ысқақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ысқақов Тұрлыбек Өтемісұлы (25.1.1948 ж. т., Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Қажымұқан а.) – ғалым, тех. докт. (1994), проф. (1995), Қазақ химия-технол. ин-тын бітірген (1972). 1973 – 80 ж. аспирант, ғыл.-зерт. лабораториясының кіші ғыл. қызметкері. 1983 – 88 ж. силикаттардың жалпы технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, доценті, Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтының Қызылорда бөлімшесінің деканы. 1991 – 98 ж. “Байқоңыр” ғарыш кешені объектісі үшін зерт. жұмыстарымен айналысатын “Кристалл” арнайы лабораториясын ұйымдастырушы басшысы, 1998 – 2001 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы индустрия және энергетика департаментінің бастығы, 2001 – 02 ж. Оңтүстік Қазақстан мемл. ун-тінде экон. және шаруашылық байланыстар жөніндегі проректоры болды. Ы-тың ғыл. еңбектері ыстықтан қорғау мәселелеріне арналған. 181 ғыл. еңбектің, оның ішінде 4 монография, 1 оқу құралы, 80 өнертабыстар мен патенттердің авторы. Табиғи және техногендік қайталанба шикізатты өңдеудің инновац. технологиясын жасағаны және ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Мемл. сыйл-н алған (2005)<ref>Ә. Күлімбетов</ref>

Пайдаланылған cілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub