Тұрлыбек Мәмесейіт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұрлыбек Мәмесейіт - 1949 жылы 17 ақпанда Хантәңірі қойнауындагы (Алматы облысы, Нарынқол ауданы) Текес өңірінде дүниеге келген. 1975 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірген. «Жетісу»газетінде, 1977—1995 жж. «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі болып істеді. 1996—1998 жж. «Өнер» баспасында бас редактор, 1998—1999 жж. «Рауан» баспасында жетекші редактор болып қызмет атқарды. 1999 — 2001 жж. «Атамұра» корпорациясында редактор, 2001 — 2008 жж. Астанадағы «Елорда» баспасында Бас редактор болып қызмет істеген. 2008 жылдан Астана-Полиграфия АҚ Баспа басқармасының Бас редакторы.

Еңбектері

«Тоғысқан толқын», «Зерделілік айнасы», «Дидар» атты әдеби сын, «Беторамал», «Түсіме тау кіре ді», «Бесік пен несіп», «Плач охотника», «Әулие-шоқы», «Тектіні кегі», «Тау», «Қарқара көтерілісі», «Жасын түскен маусым» атты әңгімелер, хикаяттар мен повестер жинағының, «Таңжарық» романының авторы. Кейбір шығармалары қырғыз, түрікмен, орыс, қытай тілдеріне аударылды. «Тауда өскен ұл» повесі баспа комитеті мен «Жалын» баспасының жабық бәйгесінде сыйлыққа ие болған. «Егіз елдің әуейі», «Шерхан Мүртаза» атты зерттеу еңбектерінің авторы. Филология ғылымдарының кандидаты. Соңғы жылдары М.Әуезов атындағыАкадемиялық драма театрында «Бәкей қыз» атты драмасы сахналанды. 1996 жылы Жамбылдың 150 жылдығына орай Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлыққа ие болса, 2000 жылы «Әулиешоқы» атты повестер жинағы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}