Тұрар Рысқұлов ескерткіші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұрар Рысқұлов ескерткішіАбай көшесіндегі Абай атынд. мәдениет және демалыс паркінің кіреберісіне орнатылған. 1994 ж. оның туылғанына 100 жыл толу мерекесіне орай қойылды. Мүсінші – Ю.Баймұқашев, архитекторы – Т.Жұмағалиев. Ескерткішті ашу салтанатына Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның президенттері қатысты. Ескерткіштің композициясы – мінбе түрінде жасалған гранит тұғырға орнатылған қола мүсін. Тұғыр көтеріңкі табанның үстіне қойылып, жылтыр қызыл гранитпен қапталған. Оның беталдына бедерлі етіп «Тұрар Рысқұлов» деп жазылып, айналасы оюлармен көмкерілген. Тұғырдың биікт. 1,7 м, фигураның биікт. 4 м. К. Рыспаев, С. Дембай <ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}