Тұрабай Мырзахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұрабай Мырзахметов (1922 жылы туған, Түркістан ауданы Шорнақ ауылы) – журналист. Түркістан педагогикалық училищесін бітірген (1941). 1941–47 жылдары Фрунзе ауданы партия комитеті бірінші хатшысының көмекшісі, 1947–54 жылдары «Стахановшы колхозшылар» газетінің редакторы, Мақтаарал ауданы газетінің редакторы, 1954–55 жылдары «Қызыл Түркістан» газетінің редакторы, 1956–58 жылдары КОКП Орталық комитетінің Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, 1958–59 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, 1959–62 жылдары «Қызыл Түркістан» газетінің редакторы, 1962–85 жылдары ауданаралық «Коммунистік еңбек», «Коммунистік мехнат» газеттерінің редакторы, 1985 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Түркістан ауданы, қалалық газетінің редакторы болған. «Республикаға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» белгісімен, «Ерекше еңбегі үшін» және «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Түркістан қаласының құрметті азаматы. <ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тұрабай Мырзахметов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}