Тұну
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тұну; тұнбалау. Үш мағынада колданылады<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>:
- Суда қалқып жүрген материалдың, оның ішінде биогендік және жанартаутекті материалдардың, су алабы түбіне тұнуы.
- Ерітіндінің булануы әсерінен онда еріген заттар үйірімділігінің артуы, коагуляцияға ұшырауы немесе химиялық реакцияға түсуі нәтижесінде сол ерітінді құрамындағы тұздардыңтұнбаға түсуі.
- Ерітіндіден белгілі бір қосындыны тұнбаға түсіру арқылы бөліп алу әдісі. Терминнің бірінші және екінші мағыналарын "тұну", үшінші мағынасын "тұнбалау" сөздерімен айшықтау орынды.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikifyru:Осаждение