Тұмсықтың бітімі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұмсықтың бітімі - қалың-жұқасы, дөңес, имек, орағы, түсіне қарай ажыратады. Тұмсықтың үстіңгі жапсар бөлігі жүні жоқ тықыр, ашық түсті терімен - тұмсық көбелерімен (орысша-восковица) жабылады. Онда танау тесігі бар. Көбенің түсіне және тұмсықтың орағына байланысты аушы құстардың тұрін, тегін, жасын анықтайды. Сүңқардың тұмсығы имек ілмек тәрізді, тықыр көбелі болса, сақалтайда аты айтып тұрғандай қара түсті қайратты, қылды «сақалы» болады. құстың көмекей қуысын тарылтып, жан-жаққа қозғалтып тұратын бұлшық еттері мен кеңірдектің айырына орналасқан сайрагыш көмекейдің жарғағының тербелісі арқылы тұрлі дыбыстар шығарады. Өкпеден сыртқа қарай шығып кеткен кеңірдекшелердің үшын қазақтар "өкпе калтасы" деп атайтын ауа сақтайтын қапшыққа айналады. құс өкпесі көлемі кіші болғанымен, оған жанама түрде тоғыз бірдей ауа қалтасы еркін тыныс алуға және құс биікке үшқан кезде ауа сақтауға, әрі оның температурасын бірқалыпты етіп тұруға қызмет етеді. құстың аузында ерін, үрт, тіс, қызыл иек болмайды. Аузында көп сілекей бөлінеді. Тек тілінде жемді үгіп, өңдейтін жіпше тәрізді бүртіктері болады. Бес қатар таңдай бүртігінен соң жүтқыншақ басталады. Қылғи салған жемі өңештен соң кеуде түсындағы оның кеңейген бөлігі - жемсауына барып түседі. Құс жемсауы созылмалы болып келетіндіктен ол азық қорын жинауға, балапанына жем тасып әкелуінде бірден-бір міндет атқарады. құс жемсауына қарап оның тамақсаулығын, жем жеген кезде тойған тоймағанын бақылайды (қомағай тоймайтын адам, жануарларды «жегені жемсауына жүқ болмады» деген теңеу осыдан туса керек). Ac тоя жеген құс жемсауы толып кетсе, құс үша алмай қолға түседі. Жемсауда жем бөртіп, жібиді. құс қарыны - бөтегеде жеген жемі сөлмен араласып, тас, құм, қиыршық, шыны сынықтары сияқты заттар да өңделіп қорытылады. Ителгі мен бүркіт бұл жағынан алда, ал басқалары бөтегесіне сүйек, қыл, қауырсын жібермеуге әрекеттенеді.<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}