Тұз күмбездерінің брекчиялары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұз күмбездерінің (штоктарының) қалыптасуы барысында пайда болатын брекчиялар. Тұз күмбезін кіріктіретін таужыныстардың сынықшаларынан құралады, сол күмбездің шеткі өңірлерінде және оның үстінде орналасады. Тұз күмбезінің ұшы жерасты және беткейлік су әсерлерінен еруі нәтижесінде де қалыптаса алады, бұл жағдайда әуелде тұз массасына кіріккен, бірақ сол тұз ерігеннен кейінгі қалған қалдықтардан — саздардың, құмтастардың, т.с.с. таужыныстардың сынықшаларынан — тұратын болады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}