Тұзды бөгені
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тұзды бөгені - Ертіс–Қарағанды каналы жүйесіндегі жасанды су айдыны. 1954 жылы Қарағанды облысы Молодежный ауданына қарасты “Тұзды” кеңшарының жерін суландыру үшін жасалған. Су айдынының ауданы 5,9 км², көлемі 10 млн. м3, ұзындығы 5,75 км, енді жері 2 км, тереңдігі 4,5 м. Бөгенде мөңке, алабұға, т.б. балықтар бар.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Дереккөздер
<references/>