Тұзбайыр

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ТұзбайырАқтау жотасының Батыс Үстіртпен шектесетін тұсындағы тұзды көл. Маңғыстау ауданында орналасқан. Ендік бағытта созылып жатқан көлдің ұзындығы 20 – 22 км, енді жері 5 – 6 км. Көлдің Ақтау жотасына қараған жағы жарқабақты келген. Осындағы ең биік қырқалар Қаратөрткіл (285 м) және Қаратөбе (272 м) деп аталады. Олардан батысқа қарай Қасқыржол жотасы жатыр. Қайдақ сорына қараған жағында көл деңгейінен көтеріңкі келген аңғар орналасқан. 1825 жылы полковник Ф.Берг экспедициясының жолбасшысы Қ.Тигенов өз сілтемесінде ежелгі Әмудария арнасы ежелгі Үзбай (Өзбай) өзен арнасымен келіп, Оңтүстік Үстіртті жиектеп отырып Тұзбайыр арқылы Каспийге құйған деген дерек береді. Көктемгі және күзгі жауын-шашын кезінде көл суға толады. Жылдың қалған кезінде көл табанын әр түрлі қалыңдықтағы ас тұзы шөгіп жатады.<ref>«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006;</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub