Түрікелі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Турікелі, “Түрікелі азаттық комитеті” – 1950 ж. Түркістан халқының мүддесін қорғау мақсатында Мюньхенде құрылған ұйым. Оған Мұстафа Шоқайдың сенімді ізбасары болып табылатын Қарыс Қанатбай жетекшілік етті. Ұйымға негізінен эмиграцияда жүрген түркі-мұсылман халықтарының өкілдері тартылды. Ұйым “Турікелі” деген атпен орыс және шағатай тілдерінде журнал шығарды. Онда, Мұстафа Шоқайға және оның идеяларына ерекше көңіл бөлінді. Журналдың 1951 ж. желтоқсанда шыққан саны Мұстафа Шоқайдың қайтыс болуының 10 жылдығына арналды. “Турікелі” ұйымы ұзақ қызмет ете алмағандықтан тарап кетті.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}