Түрлі-түсті графикалық адаптер
Түрлі-түсті графикалық адаптер (Цветной графический адаптер; Color Graphics Adafter (CGA)) - 1981 ж. шығарылған бейнестандартқа сөйкес алғашқы дербес компьютерлерге арнап жасалган бейнеадаптер. Оның екі мәтіндік жөне екі графикалық режімі болды: мәтіндік режімдегі түрлі түстер саны — 16, ал графикалық режімде — 4. Ең жоғарғы айқындау қабілеттілігі бір түсті бейнелер үшін 640x200 нүкте, ал түрлі-түсті бейнелеу үшін 320x200 нүкте (әр нүктеде 2 биттен) шамасында болған.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>
Дереккөздер
<references/>