Түркістан уезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түркістан Уезі– 1867 ж. Сырдария облысы құрамында құрылған. Негізгі халқы қазақтар мен өзбектер болды. Түркістан генерал-губернаторлығына қараған әкімшілік аймақ. Облыстың Перовск, Шымкент у-дерімен және Ақмола облысының Сарысу уезiмен шектесті. Орт. Түркістан қ. болды. Түркістан Уезі ашылған кезде ондағы қазақтар 61400 адамды құраған. Сондай-ақ Түркістан Уезі аумағында 9905 сарт, 270 орыс, 67 татар, 61 бұхаралық еврей тұрған. “Уақытша ережеге” сәйкес Түркістан Уезі қазақтары түтін салығын, земство салығын, қалалық уч-щеге, егу жұмысына салық төлеуге міндеттелді. Олар бұдан бөлек әр түрлі еңбекпен өтейтін міндеткерліктер атқарды. Уездегі сарттар жер салығын төледі. 18791880 ж. болған жұт кезінде Түркістан Уезі-нде 24469 түйе, 7657 жылқы, 162440 қой, 7667 сиыр қырылып, қазақтардың қо-лында 7615 түйе, 5028 жылқы, 28983 қой, 3210 сиыр қалған. Бұл жұт Түркістан Уезі-нің экон. жағынан құлдырауына әкеліп соқтырды. Аштық салдарынан Түркістан Уезі халқының көршілес у-дерге жаппай көшуі басталды. Соның нәтижесінде уез халқы кеміп, 1884 ж. 44321 адамды құрады. 1886 ж. Түркістан Уезі таратылып, оның аумағы Шымкент және Перовск у-дерінің құрамына қосылды.

Сілтемелер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том