Түлкібас (қалашық)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Түлкібас – орта ғасырдағы елді мекен. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Түлкібас станциясының маңында орналасқан. 1940 жылы Жамбыл археологиялық пункті (жетекшісі Г.И.Пацевич) зерттеп, сегіз жерден тұрақты мекен-жайлардың орнын тапқан. Оның көрінісі: биіктігі 3 м-ден 10–15 м-ге дейін, аумағы 45×36 м, 56×56 м, 103×177 м т.б. мөлшердегі әр түрлі төбешіктер. Зерттеу кезінде мекен үстінен көптеген көзе сынықтары табылған, сондай-ақ кейбір қорғаныс жүйелері, гранит тастардан қаланған іргетастар сақталған. Құрылыс жүйелеріне, зат қалдықтарына қарағанда Түлкібас 8–12 ғасырларда өмір сүрген. Тұрғындары жартылай егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысқан.<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер:
<references/>