Түкібай Айдаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түкібай Айдаров (1920-2000, Оңтүстік Қазақстан облысы). Ұлы Отан соғысына қатысқан (1941-1945). Республикалық Партия мектебін бітірген (1953). 1947-1965 жылдары - Қазақстан Коммунист партиясы Шымкент қалалық, облыстық комитеттерінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, Коммунистік партияның Түлкібас, Ленин аудандық комитеттерінде хатшы. 1965-1986 жылдары - «Өзен» МАБ оқу комбинатының директоры, «Маңғышлақмұнайгазқұрылыс» тресінде кәсіподақ комитетінің төрағасы, бөлім бастығы, мұнара құрастыру кеңсесі директорының орынбасары, трест басқармасының орынбасары, трест кәсіподағында топ комитетінің төрағасы. 1986 жылдан - зейнеткер. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}