Түктішөп
Түктішөп (Erіochloa)<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref> – астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер.
Негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда кездесетін 25 түрі белгілі. Қазақстанда Жайық өзенінің су жайылымындағы шабындықтарда өсетін 1 түрі – қысыңқы Түктішөп (Е. succіncta) бар. Биіктігі 10 – 70 см. Сабақтары тік, кейде иіліп көтеріле өседі, сыртын жұмсақ түк жапқан. Жапырақтары жіңішке, кейде жалпақ болады. Тілшесі қысқа, кірпікшелі. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді, ұзындығы 3 – 15 см, оның бұтақшалары үш қырлы, түкті. Түкті масағының ұзындығы 3 мм, көлденеңі 1 – 1,5 мм. Маусым – шілде айларында гүлдейді. Түктішөп – мал азықтық шөп.
Дереккөздер
<references/>