Түктібаев каналы
Түктібаев каналы<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref> – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы жасанды су арнасы. 1957 жылы салынған. Сырдария өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан. Бастауын Басықара бөгенінен алады. Ұзындығы 88,7 км, су өткізгіштігі 100 м3/с, бойында 52 гидротех. құрылыстар бар. Канал 512-бекетке жеткенде үш тармаққа (Ішкі канал, Қараарық, 50 жылдық атынд. канал) бөлінеді. Қараарықтың ұзындығы 42 км, су өткізгіштігі 10 м3/с, 1970 ж. салынған, суаратын егіс аумағы 3500 га. 50 жылдық атынд. каналдың Ұзындығы 15 км, су өткізгіштігі 6 м3/с, суаратын егісі 4000 га, 1970 ж. салынған. Каналдың жалпы атауы ішкі каналдың атымен аталған. Оның ұзындығы 17 км, су өткізгіштігі 11 м3/с, бойындағы гидротех. құрылыс саны 5, суаратын егіс аумағы 3800 га, 1971 жылы салынған.
Дереккөздер
<references/>