Түйсіктің абсолютті табалдырығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түйсіктің абсолютті табалдырығы - кез келген модальдықтағы тітіркендірііштің сәл ғана сезгіштікті тудыратын, минимальды шамасын (сәулелік, дыбыстық т.б.) білдіреді. Тітіркендіргіштердің байқалар, байқалмас түйсік туғызатын ең аз мөлшерін түйсіктің абсолюттік табалдырығы деп атайды. Бейнелеп айтқанда, анализаторлар — бұл адам миының "ашық тұрған есігі", бұл арқылы оған қозулар барады. Бірақ өте әлсіз тітіркендіргіштер түйсік туғызбайды. Түйсіктер табалдырығы неғұрлым төмен болса, қандай да бір ағзаның сезгіштігі соғұрлым жоғары болады. Адамның анализаторларының сезгіштігі өте жоғары және бұдан да әрі дами алады. Егер ауада көруді төмендететін су буы, тозаң және басқа қоспалар болмаса, біз жанып тұрған шамды (әдеттегі мөлшердегі) 25 километр жерден көрер едік. Адамның иіс түйсігінің соншалықты сезінгіш екенін 1 л ауаға 0,000 000 005 г мускусты (ерекше күшті иісі бар, хош иісті зат) ерітсе адамның оның иісін түйсінетінін білуге болады. Түйсіктің абсолюттік табалдырығынан басқа, айыру табалдырығы да болады. Тітіркендіргіштің түйсік мөлшерін байқалар-байқалмас етіп өзгертетін ең аз өзгеруін айыру табалдырығы деп атайды. Жарық сәулесі үшін бұл табалдырық бастапқы тітіркендіргіштің 1/100-не тең; дыбыс үшін — 1/10; қысым үшін — 1/30. Біздің көруіміздің тітіркендіргіштердің айырмашылығын сезінуі өте зор. Адамның көзі түстердің жарты миллионға жуық реңкін айыра алады. Кейбір мамандықтар үшін айыру табалдырығының төмен болуы маңызды. Мысалы, әр түрлі тамақ өнімдерінің дәмдік сапасын белгілейтін маман (дегустатор — Үлгі:Lang-la дәмін тату деген сөзінен) түйсігінің жоғары сезімталдығының арқасында шайдың, шараптың, кофенің сан алуан сорттарын айыра біледі және дәміне қарай олардың қай жерде өскенін және қашан даярланғанын біледі.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}