Түйеқарын
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Түйеқарын, оба сораңы (Salsola pestіfer) – сораң туысына жататын бұтауылы Маңғыстаудың сор, сортаңды, өзен аңғарларындағы сазды топырақты жерлерде өседі. Биіктігі 15 – 100 см. Сабағы тік, түбінен бастап бұтақталған. Жапырақтары таспа, біз тәрізді. Гүл жапырағы гүлдерінен ұзын келеді. Гүл серігінің жапырақшалары жемісі піскен кезде түссіз немесе қызғылт түсті қанат түзеді. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйекте жемісі піседі. Түйеқарынды түйе жақсы жейді.<ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;</ref>
Дереккөздер
<references/>