Түйетау
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Түйетау – Жалпы Сырт қыратының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан тау жұрнағы. Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы және Ресейдегі Саратов облысымен шекара тұсында. Абсолюттік биіктігі 168 м. Бор кезеңінің борлы тау жыныстарынан түзілген. Пішіні күмбез тәрізді. Беткейлерін Шежін өзенінің салалары тілімдеген. Баурайында бетеге, жусан өседі. Алабы – мал жайылымы.
<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>
Дереккөздер
<references/>