Түзілімөлшеу таразылары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Суспензиядан тұнбаға түскен шөгіндінің салмағын өлшеу арқылы таужыныстың түйірөлшемдік құрамын анықтау үшін қолданылатын аспап. Іс-тәжрибеде бірнеше түрлері пайдаланылады:

  1. Свен-Оденнің қосиықты "түзілімөлшеу таразысы"; бұл аспапта шөгінді таразы табақшасына түседі де, оның салмағы автоматты түрде мезгіл-мезгіл өлшеніп, нәтижесі тіркеліп отырады;
  2. Фигуровскийдің "гидростатикалық таразысы" шыныдан немесе кварцтан жасалған таяқшалардың серпінділік қасиетін пайдалануға негізделген; аталған таяқшаның тұнбаға түскен шөгінділер әсерінен деформацияға ұшырауы сол шөгінділердің түйірлік құрамын анықтауға мүмкіндік береді;
  3. "Стейрманд аспабы"; әдейі жасақталған түзілімдену құбырына түскен шөгінді салмағы мезгіл-мезгіл өлшенеді де, әрбір сынама құрамындағы түйірлердің мөлшері Стокс заңына сәйкес есептеліп шығарылады;
  4. түзілімдену құбырына "торизондық таразылар" орнатылған арнаулы аспап, оның көмегімен шөгіңді салмағы мезгіл-мезгіл өлшеніп отырады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}