Тілеуқабыл құмы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тілеуқабыл құмы, Зайсан қазаншұңқырының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы жеріндегі құмды алқап. Бұқтырма бөгенінің сол жағалауын бойлай 19 км-ге созылып жатыр, ені 10 км шамасында. Ауданы 135 км². Құм төбелердің беткейі түйетайлы келген, салыстырмалы биіктігі 3 – 7 м. Бетеге, жусан, т.б. өседі. Тұщы грунт сулы қабаты 3 м тереңдікте жатыр. Жыл бойы жайылымға пайдаланылады.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том</ref>
Сілтемелер
<references />