Тілеуқабыл Төлебеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тілеуқабыл Төребеков (17.4. 1925, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылы) – соғыс және еңбек ардагері. Алматы Жоғарғы партия мектебін бітірген (1959). 1941 – 1943 ж. Ақкөл ұжымшарындағы сүт-тауар фермасының есепшісі, 1945 – 1950 ж. әскер қатарында қызмет етті, 1950 – 55 ж. облысы партия к-тінде насихатшы, 1-хатшының көмекшісі, бөлім меңгерушісі, нұсқаушы, 1959 – 1960 ж. облыстық тамақ өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы, 1960 – 1966 ж. облысы партия к-тінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, 1966 – 1970 ж. Жамбыл қ. партия к-тінің 2-хатшысы, 1970 – 1983 ж. қалалық атқару комитетінің төрағасы, 1983 – 1987 ж. орта мектеп директоры. 1995 жылдан соғыс, еңбек және Қарулы күштер ардагерлерінің облысы кеңесінің төрағасы. ІІІ дәрежелі «Даңқ», Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}