Тілеуов Асхат Халелұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тілеуов Асхат Халелұлы (1950 ж.т., Қостанай қ.) – техника ғылымының докторы (1996), профессор (1997). ҚР Жаратылыстану ғыллым академиясының корреспондент мүшесі. Целиноград ауыл шаруашылық институтын (1974, қазіргі Астана агротехнологиялық университеті) бітірген. Осы оқу орнында ассистент (1974–77), Ауыл шаруашылығын электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының аспиранты (1977–80), 1980 жылдан қазіргі Еуразия ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, қазіргі кезде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. 80-нен астам ғылыми жарияланым мен 3 монографияның авторы. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub