Тілеумұрат Қожабеков
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тілеумұрат Қожабеков<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> (1948 – 2000, Форт-Шевченко қаласы) – журналист, ақын.
- Еңбек жолын Форт-Шевченко ұлутас карьерінде бастаған.
- Қазіргі ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде оқып, университеттің ұлт аспатар оркестрін басқарған (1967 – 1972).
- 1972 – 2000 жылдары Маңғыстауда аудандық газетте тілші, Форт-Шевченко қалалық мәдениет бөлімінде нұсқаушы, музыка мектебінің директоры, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
- Халықтық ән-күйлерді жинап насихаттаушы, айтыскер ақын.
- Республикалық ақындар айтысының жеңімпазы.
- Өнер сапарымен Украина, Ресей елдерінде болды. Өлеңдері мерзімдік баспасөзде, әр түрлі жинақтарда жарияланды.
Дереккөздер
<references/>