Тілеулин Серік Жұмағалиұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тілеулин Серік Жұмағалиұлы (6.1.1926 ж.т., Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ.) – биология ғылымының докторы (1987), профессор (1989). Қазақ мемлекеттік медициналық институтын (1950, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген. Алматы қаласында дәрігер (1950–57), Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер (1957–66), 1966 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Физиология институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі болды. Ғылыми еңбектері негізінен нейрофизиология саласына арналған. 120-дан астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тілеулин Серік Жұмағалиұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}